Шелек ауданын қалпына келтіру мәселесі

  • par: Nurlan Yerdauletuly
  • destinataire: Қазақстан Республикасы премьер-министрі Асқар Мамин мырзаға

Қазақстан Республикасы премьер-министрі Асқар Мамин мырзаға

Шелек ауданын қайта қалпына келтіру
• 1997 жылы "Алматы облысындағы 17 ауданның 11-нде 30 мыңнан 70 мыңға дейін халық санына қарамастан, 120 мың халқы бар 70 жыл іргелі ауданды 170 мың халқы бар көрші ауданға біріктірген еді. Ал республикадағы 166 ауданның 133-нде халық саны 6 мыңнан 70 мыңды құрайды. Сол кездегі аудан орталығы- Шелектен елдімекендер 20-30 км орналасуы өте қолайлы еді.
• Ретсіз оңтайландыру өңір тұрғынына тұрмыстық- әлеуметтік мәселеде қолайсыздықтар туғызды. Аудан орталығы –Есікке, 130 км жерге тұрмыстық жағдаймен барып қайтуға шыққан шығын 25 км Шелекке келіп сұрақ шешудегі шығыннан 4-5 есе артық. Жиналыстарға қатысу, анықтама қағаз алу, жұмыссыздықты тіркету, дәрігерге көріну, әскери міндетті жастардың комиссиядан өтуі т.б. 2 рет баруға тура келетін машақаты қарапайым адамды шаршатты. Алматыға такси жұма- сейсенбіде жолақыны аспандатып, студент жастардың қалтасын мәдени тонауда. Кәсіпкерлікке, ауыл шаруашылығына мемлекет беретін қолдауды халыққа жеткізу мәселесінде түйткіл бар. Науқасты аудан орталығына жедел жеткізу, ота жасау, медициналық шара жасатуда проблема бар. 200 отбасы 4 қабатты үйдің сыртына мұржа тартып, отын, көмір тасып, күлмен алысуда.
• 23 жылда өңірде халық саны көбейіп, шағын және орта бизнес өкілдері жер игеру, өнім өңдеуде оң өзгерістер әкелді. Халықаралық маңызды Алматы-Қарғос темір жолы, Шелек стансасы, Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолы іске қосылып, логистикалық орталық салу мүмкіндігі, газ құбыры арқылы жылыту мәселесі шешілгелі тұр. Жаңа жұмыс орыны ашылып, бюджет қалтасы томпиып, жастар- қалаға көшуіне тежеу болмақ.
• Тұрғындар саны 330 мыңға жеткен Еңбекшіқазақ ауданынан бөлу жолымен Шелек ауданын қалпына келтіру мәселесін көтеруде. Осы орайда, халық тұрмысын жақсарту мақсатында 2018 жылы 16 ақпанда Түркістан облысында халық саны 323 мың Сарыағаш (2 ауданға – Сарыағаш, Келес) және 300 мың халқы бар Мақтаарал (3 ауданға – Мақтаарал, Асы- қата, Жеті сай) аудандар өкiлдi және атқарушы органдарының аудан аумағын бөлу жолымен 5 аудан- құру туралы шешім қабылдаған.
• 71 мың халқы бар Райымбек ауданы (Райымбек және Кеген) екіге бөлінді.
• Шелек ауданын қалпына келтіруді діттеген мақсат – жастардың болашағын ойлап, ел қатарлы әлеуметтік жағдайымызды түзеп, экономиканы нығайту.
• Шелек ауылы 9 жолдың торабында орналасқан. Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолымен әртүрлі адамдар өңірдің жерін басып өтеді. Оңтүстік Қырғызстанмен шекаралас жатыр. Сауда орны көбеюде, түрлі элементтер, миссионер т.б. келіп кетуде. Ұрлық, нашақорлық, қылмыстың алдын-алу, мемлекет қауіпсіздігі, ел тыныштығын сақтау күн тәртібінен түспейді.
• Өңірдің табиғи климаттық жағдайы шаруалар, ЖШС, жеке кәсіпкер, өндірістік кооператив, АҚ шаруашылықпен айналысуға өте қолайлы. Cуармалы жерді 1,5 есе, мал басын көбейтуге мүмкіндік бар. Халық жағдайын жақсартуға , инвестормен жұмыс, жұмыс орынын ашуға, өнімді өңдеу,сақтау, өткізу жұмыстары оң болса, өңір өзін-өзі алып жүруге қабілетті . Өңірдегі су, жел, күн көзі қуаттарын отын ретінде, ал табиғат қорлары демалу, тынығу, тоқалу, күшеюіне мүмкіндік мол. Бұғыты тауы төңірегі «Жетісу» ЖШС 3млн 300 мың тн вольфрам кен орны ашу, Сөгетіде 50 МГВ жел қондырғы стансасы, Шелек өзені бойында 20 мгв ГЭС, Нұрлыда жел қондырғы станса, күн көзі энергиясын пайдалану 200 мгв электростанциясы құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аяқ қалқан, Қорам, Нұрлы минералды суы шипалы, демалыс лагерін қайта ашу, оқушы демалып, қоғам саулығына үлес қосылады.
• Шелек ауданын қайта қалпына келтіруге 33 елдімекеннің 7 мың тұрғыны,
• 60 адам , КСРО, ҚР Жоғарғы Кеңесі, Қ Р Парламенті депутаттары
• М. Амантаева , С.Абдрахманов, А.Бижанов , И.Насыров, К.Үшбаев , мемлекеттік ордень және медаль мен марапатталған 31 адам - "Ленин" және "Еңбек Қызыл Ту" ордені иесі дәрігер Қ. Абдукаримова, "Октябрь Революциясы" ордені иесі, "Батыр Ана" Т.Илиясова, "Еңбек Даңқы" ордені иесі Х.Наманов, академик ғалымдар С.Бекболатов, М.Тоқашбаев, А.Төребаев, Т.Тұяқов, Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамының НИКА статуеткасы иесі, академик, ауданның Құрметті азаматы А.Рахимов, облыстық маслихат депутаттары Ж.Желеуов, В.Волокитин, облыстың Құрметті азаматы, "Құрмет белгісі" ордені иесі Б.Догалов, ауданның Құрметті азаматтары, маслихат депутаттары С.Байшығашев, А.Газиева, Г. Үмекова, Қазақстан Халқы Ассамблеясы мүшелері Д. Кабанов, И.Усманов, мемлекет және қоғам қайраткері, "Құрмет белгісі' ордені иесі Ө.Өзбеков, ҚР халық артисі "Құрмет белгісі" ордені иесі, ҚР еңбегі сіңген қайраткер, Еңбекшіқазақ ауданы Құрметті азаматы М.Рақымжанова, ақын Қ.Нақысбеков, заңгер, ІІМ академия ұстазы А.Марат, Шелек және Ұйғыр аудандарын басқарған Е.Сұлтанғазиев пен Ж. Розахунов, А.Орынбетова, Г.Жабықбаева, мекеме, кеңшар басшылары С.Асанбаев, А.Бағжанов, "Құрмет белгісі" т.б. орден, медаль иелері Ә.Әбдрешев, А.Бағжанов , О.Бекенов, А.Дауытқұлов, Б.Доғалов, А.Заиров , И.Насыров, С.Нұрбеков, "Еңбек Қызыл Ту", "Құрмет белгісі" ордендері иесі, Қазақ ССР ауылшаруашылығына еңбегі сіңген қайраткер Ж.Сокуров , әлем чемпионы, аудан құрметті азаматы Е.Қайыпжанов, "Еңбек Қызыл Тy"ордені иегері, аудан Құрметті азаматы, имам А.Мұқатжанов, шаруа қожалығы жетекшісі Қ.Амиров, аудан Құрметті азаматы А.Мақажанов, кардиохирург РМА профессоры , м.ғ. к. А.Қодасбаев, дәрігер хирург, ҚР денсаулық сақтау ісі үздігі, аудан Құрметті азаматы Е. Қожабеков, кәсіпкер Е. Апеков, аудан Құрметті азаматы Е.Байқалықұлы, "Еңбек Қызыл Ту" ордені иесі М.Заиров, "Еңбек Қызыл Ту", "Құрмет белгісі" ордендер иесі Е. Ережепов, "Еңбек Қызыл Ту" ордені иесі К.Каримов, "Еңбек Даңқы" ордені иегері М.Таиров, "Құрмет белгісі" ордені иегерлері А.Көпшілбаева, Н. Құлжабаева, Ф.Шәкіржанова сонымен қатар, өңір тұрғындары 37 этнос өкілдерінен 363 адам, 20 чернобыл және ауған соғыс ардагерлері қол қойып, жоғары жаққа жіберілген бұл ұсынысты өңір жұртшылығы, жастардың қолдауы жалғасуда. Шелек ауданын қалпына келтіруге ынталы топ мүшелері
• Н. Мұхаметқалиев, С.Абдуллин, Т.Абитов, Қ.Амиров, Е.Апеков, С.Асанбаев, А.Бағжанов, Ы.Бакиров, С.Бекболатов, А.Волкова, А.Даутқұлов, Б.Доғалов, Ә.Жапеков, М.Қожамбір, П. Колианиди, Р. Ко Фен Чуан, А.Мұқатжан, Қ.Нақысбеков, А.Орынбетова, Ж.Сокуров, В. Тю, Г.Умекова 1997 жылы жергілікті тұрғындардың келісімінсіз қысқарған Шелек ауданын қалпына келтіру туралы жоғары лауазымды адамдарға жолданған 120 мың халықтың ұсынысын қолдарыңызды қойып қолдауды сұрайды

signer
signer
Vous avez désactivé JavaScript sur votre navigateur. Sans JavaScript, il se peut que notre site Internet ne fonctionne pas correctement.

politique de confidentialité

En signant, vous acceptez les conditions de service de Care2
Vous pouvez gérer vos abonnements à tout moment.

Vous ne parvenez pas à signer cette pétition ?? Faites-le nous savoir.